17 Ақп 2021
Страницы KZ Мерей мектебі

Жарғы

Атауы Жүктеу
1 Жарғы DOCX

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1. Батыс Қазақстан облысы, Тасқала аудандық білім бөлімінің «Мерей жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) Тасқала ауданының әкімдігі 2014 жылғы «30» мамырдағы  № 177 қаулысы негізінде қызмет етеді.

Заңды тұлғаның түрі - коммуналдық мемлекеттік мекеме.

1.2. Тасқала ауданының әкімдігі мекеменің құрылтайшысы болып табылады (бұдан әрі – құрылтайшы).

1.3. «Батыс Қазақстан облысы, Тасқала аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеменің уәкілетті  органы болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті  орган).

1.4. Мекеменің заңды мекен-жайы:  индекс 091003, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Мерей ауылы, И.Тайманов көшесі №5

  1. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЛГІСІ, ТҮРІ

2.1. Мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: Тасқала аудандық білім бөлімінің «Мерей жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2.1. Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа Мерей» отдела образования Таскалинского района.

2.2. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және лицензия алғаннан кейін  білім беру қызметімен айналасуға құқылы болады.

2.3. Мекеменің өзіндік  мөрі, бұрыштамасы, бланкісі, маңдайша жазуы бар.

2.4. Мекеме заңды тұлға болып  табылады, аудандық қазынашылықта   жеке балансы, есеп айыру шоты бар.

2.5. Мекеме өз міндеттемесі мен қарауындағы қаражатқа жауапты.

2.6. Мекеме басқа лауазымдық тұлғаға құрылтайшы бола алмайды және  құра алмайды.

2.7. Мекеменің негізгі қызметі жалпы орта білім беру 4 сатылы : мектепке дейінгі білім беру, бастауыш (1 – 4 сынып), негізгі (5 – 9 сынып), жоғарғы (10 – 11 (12) сынып) бағдарламаларын іске асыру.

 

2.8. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы Жарғыны және басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

2.9. Мекеме коммерциялық ұйым емес және пайда алуды мақсат етпейді.

2.10. Мекеме Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.

2.11. Мекеме оқушыларының тамақтануы, оларды тасымалдап жеткізу, алғашқы санитарлық көмек  (дәрігерге дейінгі көмек) көрсетуді іске асырады.

2.12. Мекемеде қоғамдық –саяси қозғалыс, саяси партия ұйымдарының құрылымы және басқа да түрлі ұйымдар құрумен, оның қызмет етуіне жол берілмейді.

2.13. Мекеме қазіргі заңнамаға сәйкес халықаралық қызметке құқығы бар.

2.14.  Мекеме  біртұтас  кешен, бөлімшесі жоқ.

2.15. Мекеменің азаматтық-құқықтық келісімдері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті түрде тіркелген соң күшіне енеді. 

Аты Жүктеу
1  Жарғы .docx