17 Ақп 2021
Страницы KZ Мерей мектебі

Құжаттар



Білім саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер жұмысын
орындау туралы

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуіріндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін өызметтер тізілімін бекіту туралы» №983 қаулысын басшылыққа алып және аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мектеп бойынша қатысты мемлекеттік қызметтерді орындау жұмысы:

1)«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мектептің әлеуметтік педагогі Аймашова Акманар Қалыбековна;

2) «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мектептің әлеуметтік педагогі Аймашова Акманар Қалыбековна;

3) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Турганалиева Гульмира Юсуповнаға;

4) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқыға қабылдау» іс-қағаздар жүргізушісі Дощанова Асем Жанатовнаға;

5) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту» - іс-қағаздар жүргізушісі Дощанова Асем Жанатовнаға;

6) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш,негізгі,жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері  мен оларға  теңестірілген тұлғалардың  біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» - директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Турганалиева Гульмира Юсуповнаға;

  1. Жауапты мамандарға:

2.1. Мемлекеттік қызметтер бойынша апталық есептерді (өткен аптаның бейсенбі күнінен ағымдағы аптаның сәрсенбі күнінен қосып) әр аптаның сәрсенбі күні сағат 12.00-ге дейін аудандық білім бөліміне тапсырылсын.

2.2. Мемлекеттік қызметтер бойынша айлық есептерді әр айдың соңғы күндері аудандық білім бөліміне тапсырылсын.

2.3. Мектеп бойынша есептерді жинақтау және аудандық білім бөліміне уақытылы тапсырылуын мектептің іс-жүргізушісі Дощанова Асем Жанатовнаға міндеттелсін.

      2.4. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

 

Мектеп директоры:                        А.С.Дуйсенов

 

Бұйрықпен таныстық:

Турганалиева Г.Ю.

Аймашова А.К.

Дощанова А.Ж.