ЖОББ Шипов мектебі бойынша Электрондық үкімет порталымен таныстыру туралы мәлімет. 2017ж 13 қараша күні мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына арналған үйрету семинары ұйымдастырылды. Электронды үкімет порталымен жұмыс жасау дағдылары таныстырылды.Семинарды Мерей ауылдық округінің әлеуметтік сала бойынша бас маманы Ержігіт Хасанұлы Распаев пен мектеп директоры А.С Дуйсенов өткізді. Семинар барысында электронды үкімет порталына кіру арқылы қандай мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болатындығы түсіндіріліп көрсетілді. Адрестік анықтама алынды. Электрондық цифрлік қолтаңба бойынша мәлімет берілді.