Жалпы орта білім беретін Шипов мектебінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты » атты ұйымдастырылған іс-шара туралы мәлімет
29.11.2017ж 9-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты » атты сабақ ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты 100 нақты қадам –Ұлттық жоспарының іске асырылуын түсіндіру,өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру. «Сыбайлас жемқорлық , парақорлық» сөздерінің мағынасы ашып айтып түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға Елбасының баяндамасы « СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА » оқушыларға түсіндірілп айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы видео ролик көрсетілді. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, жемқорлық індетімен күресіп түп-тамырымен жою мына біздің міндетіміз. Осы мақсатта мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті клубы құрылып жұмыс жасауда.