16 Ақп 2021
Жаңалықтар

Мерей жалпы орта білім беретін мектебіндегі 2019-2020 оқу жылындағы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы туралы ақпарат

Мектебімізде «Мектепке жол» акциясы 1 шілдеден басталды. Акция уақыты 30 қыркүйекке дейінгі аралықты қамтиды. Акцияға Мерей ауылдық округі акиматы, Мерей мәдениет үйі, ФАП, «Айгөлек» балабақшасы, ветеринарлық пункт сынды мекемелер өз үлестерін қосып, демеушілік танытты.

    Қазіргі уақытта 31 оқушыға жалпы суммасы 295 000 теңгеге оқу-құралдай, киім-кешектей көмек көрсетілді.  Соның ішінде демеушілер 195 000 теңгеге 14 оқушыға көмектессе, жалпыға бірдей білім беру қорынан 100 000 теңгегег 17 оқушы оқу-құралдай көмек алды.

   «Мектепке жол» акциясы әлі де жалғасын табуда. Бақылау нәтижесінде мектебіміздегі барлық оқушы мектеп киімімен, оқу-құралдай  мектеп партасына отыруға дайын.