16 Ақп 2021
Мектептегі тамақтану

Мерей жалпы орта білім беретін мектебі Тамақтану айдары

Мерей жалпы орта білім беретін мектебі

Тамақтану айдары

Мектебімізде 2020-2021 оқу жылының 18 қаңтарынан бастап Бас меилекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 ҚР халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысының 21-қосымшаға сәйкес, қоғамдық тамақтану обьектілерінің жұмыс алгоритімін сақтап, штаттық режимде оқитын мектептер мен қашықтықтан оқитын мектептердің кезекші сыныптарында оқитын білім алушылары үшін бір мезгілдік ыстық тамақ ұйымдастырылды. Асханада санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, сыйымдылығына қарай тамақтану режимін 2 ауысым 4 кезеңге бөліп, әр кезеңдегі қамтылым асханадағы ара қашықтықтың сақталу мөлшеріне сайкес 25 оқушыдан артық емес толымдылықпен білім алушылардың тамақтандыру кестесі жасақталды.  Мектеп директорының бекітуімен №2 бұйрық шығарылып, жауапты адамдар тағайындап, кезекшілік кестесі құрылды. Мектеп асханасы қызметкерлері мен кезекшілік топтарға мектеп асханаларында сақталынуға тиіс ҚР Денсаулық сақтау минестірлігінің 16. 08.2020 уақытылы №ҚР ДСМ 98/2020 бұйрығы аясында санитарлық талаптар түсіндіріліп өтті. 2 ақпан күні жоспарға сай, мониторинг комиссиясының төрағасы комиссия мүшелерімен тамақтану сапасына зерделеу жұмысы жүргізілді. Ас мәзіріне енгізілген тамақтану нормалары мен талаптары сақталып оқушылардың тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарға сай даярланған бір күндік, 4 апталық ас мәзірлері бекітілген. Ас мәзіріндегі тағамдар өте дәмді, көңіл, қуантарлық деңгейде болып, оған жақсы баға беріледі. Асхананың тазалығы, қызметкерлердің жеке бас гигиенасының толық сақталуы тексеріліп отырады. Асхана іші толық стендтермен жабдықталған  , тамақтардың сертификаттары жарамды, көкөніс, брокераж журналдар әр күн сайын толтырылған, бір күнгі тамақ нормалары сақталынып отыр.Білім алушылардың жекелеген санаттары үшін ас мәзірі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320  қаулысымен  бекітілген бір реттік тамақтану  нормаларына  сәйкес білім беру баскару органымен бекітілді. Бастауыш сыныптар бойынша 79 оқушы және жеке санаттағы буындарында 7, барлығы-86 оқушы ыстық тамаққа тартылып отыр.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 3 параграфтың 69 тармақшасын басшылыққа алып, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілік өкілдері мен мектеп медбикесінің қатысуларымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында мектебімізде комиссиясы құрылды. Комиссия төрағасы болып Мерей жалпы орта білім беру ұйымының директоры Дуйсенов Артур Серікбайұлы тағайындалып, құрамға енген сараптамалық топ мүшелерінің жұмыстарын жүргізу жоспарларын жүйеге енгізілді.